Body: 

2016 жылы 9 сәуір күні колледжімізде «Студенттік кездер-ай» деген тақырыппен колледж студенттерінің арасында КВН ойыны өтті. Бұл ойынға әр бөлімшелерден және колледж жатақханаларынан жалпы алты команда қатысып, бас жүлдені сарапқа салды.

Кеш қонағы, «Демеушіміз-Болашақ» командасының белсенді ойыншысы Айжан Байкен атап өткендей ойын өте қызықты әрі көңілді өтті. Әділқазылар шешімі бойынша тартысты өткен ойында «Үздік ойыншы» номинациясын Рустем Бейсен иеленді. Ал «Ең креативті команда» номинациясын тек қыздардан құралған «Жарайсыңдар Жігіттер» командасы иеленсе, «Көрермендер көзайымы» номинациясын «ШалаКазахи» еншіленді. «Ең белсенді команда» номинациясына «ОПГ» командасы лайық болып саналды.

Әр сайыста жеңімпаздар болатыныны айдан анық. Бұл ойынның ең қиын да күрделі сәті жеңімпаздарды анықтау еді. Әзілі мен сәні, қалжыңы мен мәні жарасқан жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынға 1 курс студенттерінен жиналған «Не хабар?!» командасы ие болды. Ал ІІ орын «Айтса қоймас» командасының еншісіне бұйырды. Мағыналы әзілдері мен келісімді қалжыңдары көрермендердің және әділқазылардың көңіл-күйінен шыққан «ЖД «Астана» командасы жүлделі І орынды иеленді.


Мұратұлы А.