Body: 

2016 жылғы 20 сәуірде біздің колледждің кітапханасында АӘД пәнінің оқытушылары және кітапхана меңгерушісінің ұйымдастыруымен «Ауған соғысы – тарих қойнауының бір парағы» атты әскери – патриоттық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты - студенттерге Ауған соғысы туралы мағлұмат беру, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін ұрпаққа үлгі ету. Жастарды опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, олардың есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу.

Кездесуге арнайы шақыртылған қонақтар: Темір жол техникумының 1981 жылғы түлегі, Ауған соғысы ардагері - Ғалы Ибряшұлы Бейсекеев, ардагер- Қуаныш Құралұлы Майтканов қатысты.

Кездесу Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, алғы сөзді директордың әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Матвеева Лариса Ивановна сөйледі.

Отан алдындағы қасиетті борышы мен парызын ерлікпен, батылдықпен атқарып, Ауған соғысында қаза тапқан ержүрек, батыл - қаһарман жауынгер ағаларын үнсіздікпен еске алды. Студенттер Алғашқы әскери дайындығының жоғары деңгейде екенін автоматты бөлшектеп, оны дұрыс жинау арқылы көрсетті. Ардагерлерге өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, қызықты мағлұматтар алды. Кездесу әсем ән мен жырға ұласты.


Г.Б.Жунусова