Body: 

2016 жылғы 20 мамырда алғашқы әскери дайындық оқытушыларының ұйымдастыруымен 2016 жылдың наурыз- сәуір айлары аралығында өткізілген қалалық командалық конкурс өз мәресіне жетті.

Байқау үш кезеңді қамтыды: Әскери-патриоттық тәрбиелеу және АӘД пәні бойынша құжаттамалар және оқу-материалдық базасы; қала аудандары бойынша мектеп және колледждердің АӘД ұйымдастырушы – оқытушыларын іріктеу туры; финал. Біздің колледж атынан алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Сәрсенбаев Біржан Дәулетханұлы қатысты.

Конкурстың финалдық бөлігінде: ән және сап түзеу, АӘД пәні бойынша тестілік тапсырмаларды тапсыру және «Бейінді оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында АӘД оқытушы – ұйымдастырушысының психологиялық-педагогикалық дайындығы» тақырыбында эссе, «Отан қорғаушы» нормативтері бойынша командалық эстафета жүргізілді. Б.Д.Сәрсенбаевтың эссе тапсырмасы «үздік»- деп танылды. АӘД ұйымдастырушы-оқытушыларының қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Біржан Даулетханұлы II орынға ие болды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейлі жылының іс-шаралары аясында, «Отанымның болашағы – Жас ұлан!» атты авторлық әскери-патриоттық әндердің ІІ қалалық конкурсы өтті. Конкурсқа қатысқан 2ППС-214 тобының студенті Өскенбаев Құрбанбай өзінің авторлық әнін орындап, дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс тілейміз!

Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Л. И. Матвеева