Body: 

2016 жылғы 21 сәуірде колледжде «ХХІ ғасырдағы ғылым және жаңа ұрпақ» атты жыл сайынғы халықаралық қатысуымен қалалық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясы өткізілді.

Конференция колледжіміздің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Өміргүл Хамзинұлы Жунуспековтың алғы сөзімен ашылды. Конференция қатысушылары мен қонақтарына сәттілік тілей отырып, осы конференцияның біздің колледжімізде өткізілуі, колледж өміріндегі маңызды кезеңі екенін атап өтті.

Конференцияның мақсаты- колледж студенттерін ғылым жұмыстарға ынталандыру, ғылыми-техникалық көзқарастарына қолдау көрсету және оларды ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға тарту, темір жол және автомобиль көлігі, байланыс және қатынасты дамыту үшін тәжірибелік мәні бар міндеттерді шешуге үйрету, еліміздің экономикасы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау.

Астана қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру және мамандарды дайындау бөлімінің әдіскері Жүкенова Бағлан Берденқызы конференция қатысушыларына арнап құттықтау сөзін сөйледі.

Пленарлық мәжілісте Ресей Федерациясы Новосибирск қаласындағы «Темір жол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі заманғы технологиялары» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жеңімпазы Айдарова Aйнажанның баяндамасы тыңдалды. Баяндамаларды мақұлдау және қолдау мақсатында техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, «ҚТЖ» ҰК «АҚ «АСУ – МАГИСТРАЛЬ» Жобасының кеңесшісі Уразбеков Алтайбек Куликович сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Астана қаласы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасының техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері белсенді қатысты. Жеті секция бойынша 73 баяндама тыңдалды.

Конференция сарапшылары ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және кәсіпорындардың басқа салаларының өкілдері, Л. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ технология және бизнес университеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы сөз сөйлеп, қолдау көрсетті.

Олар ұсынылған тақырыптардың тәжірибелік бағыттылығы және материалдардың ғылыми дәрежесін зерттеп, баяндамалардың жоғары деңгейде дайындалғанын атап өтті.

Конференция соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Ең үздік баяндамалар Астана қаласы Білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

Конференцияға белсене қатысқан колледж ұжымына, сондай-ақ сарапшыларға алғыс хаттары табыс етілді. Біз студенттердің болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына сәттілік тілейміз. Ғылымның жаңа биіктеріне өрлей берсін, Алға!


Директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева