Body: 

2016 жылдың 23 сәуірінде Астана қаласында жалпы қалалық сенбілік күні өтті. Осыған байланысты Көлік жене коммуникация колледжінің студенттері аталған шараға қатысып, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлестерін қосты. Сенбіліктің алды «Жастар» комитетінің жалынды жастары ұйымдастырған флешмоб-акциясымен басталды.

Сенбілік аясында колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланып, бордюрлер мен ағаштардың түптері боялды. Сонымен қатар колледж жатақханаларындада сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға жалпы саны 1400-ге жуық адам қатысты, оның ішінде колледж оқытушылары мен қызметкерлері де бар.


А.Муратұлы