Body: 

Жеңіс күні - біздің еліміздің тарихындағы ерекше мереке. Бұл, өз кезегінде, халықтың тарихы, өз уақытындағы халықтың жалпы күш-жігерінің еңсеруінің көрінісі. Осы тарихтағы қайғылы оқиғаға оралмау немесе керісінше – осы ғажайып кездесулер, осының бәрі Отан тағдыры мен әр адамның болашағында тығыз өрілген бір жалпы ауырлық пен қуаныш сияқты. Ұрпақтан-ұрпаққа, бейбітшілік өмірді фашистік соғыстан құтқарған барлық халықтарымыздың ерлігін біздің ұрпақ мақтан тұтады. Ардагерлер - міне, бұл күні бүкіл әлем, әртүрлі тілдерде кімге "Рахмет"- дейді. Әрине Сіздердің ерліктеріңізге тағзым ете отырып, біздің колледждің студенттері 2016 жылғы 12 мамырда "Локоматив" АҚ барлық >ардагерлеріне арналған қайырымдылық концертін өткізді. Мерекенің басты қаһармандары мен барлық көрермендеріне -яғни соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мекеме басшылары құттықтау сөздерін арнады. Талантты жастарымыз көрермендерге өздерінің соғыс жылдарындағы әндері мен билерін, сахналық қойылымдарын көрсетті. Ардагерлер үшін бұл мерекелік концерт ең жақсы сыйлық болды.


А.Шинтемирова