Body: 

Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында, С. Сейфуллин көшесі - 67 мекенжайында орналасқан № 2 балалар үйінің мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерін Астана қаласының қалалық мәслихат депутаты, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы келе жатқан мерекемен құттықтады.

Колледж директоры өзінің құттықтау сөзінде балаларға денсаулық, жазғы сауықтыру лагерінде уақытты жақсы өткізуді тілей отырып, мекеменің тәрбиеленушілерін жағымды сыйлықтар – жұмсақ және құрастырмалы ойыншықтар, кеңсе тауарлары және тәттілерді сыйға тартып қуантты.

Дәстүр бойынша колледж белсенділері қиял-ғажайып ертегілерін ұсынды. Сүйікті мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері – Мальвина, Буратино, Жолбарыс, Ұзын шұлықты Пеппи және көңілді сайқымазақтар балалармен бірге "Жылдам, алғыр, батыл", "Үшінші артық", "Мысық пен тышқан" сияқты көңілді ойындар ойнады. Балалар жеңу үшін өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын қолдана отырып, зор қызығушылықпен қатысты, ән шырқап, көңілді би билеп, тақпақтар оқыды. Барлық қатысушылар сергек және көңілді күймен мерекені жақсы өткізді.


А.Шинтемирова