Body: 

2016 жылғы 4 маусымда біздің колледждің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Жунусова Г.Б. және тарих пәнінің оқытушысы Ахметова А.Т. ұйымдастыруымен «Мемлекетіміздің биік мәртебесі - Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» атты іс – шара өткізілді. Іс - шараға арнайы шақыртылған қонақтар: әдіскер Хайрулина С.М., тарих кафедрасының меңгерушісі Ахатаева Б.О., 1РЭС – 415, 1ЭТХ-415 тобының студенттері қатысты.

Іс – шараның мақсаты - Студенттерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір – қасиетін студенттерге ұғындыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс – шара Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалумен басталды. Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне арналған бұл іс -шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту, Әнұран және Елтаңбаның шығу тарихы мен мағынасы туралы тың деректер ортаға салынды. Интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының мемелекеттік рәміздері туралы бейне фильм, танымдық слайд ұсынылды. Студенттерге викториналық сұрақтар қойып, өздерінің алғырттығы мен жан жақты ой –өрісінің кеңдігін көрсете білді.

Сондай-ақ, кітапхана меңгерушісі Жунусова Г.Б. «Ұлағаты мол ұлттық рәміздер» атты көрме ұйымдастырды.

Іс – шара аспанымыз ашық болып, еліміздің бейбітшілік көк туы желбірей берсін деген тілекпен өз мәресіне жетті.

Г.Б.Жунусова