Body: 

2016 жылдың 13 маусымында колледжімізде 0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша) мамандығының өндірістік тәжірибесі қорытындысы бойынша конференция болды. Өндірістік тәжірибеге бұйрық бойынша 41 студент жіберілді. Өндірістік тәжірибенің мақсаты колледжде алған білімді одан әрі тереңдету және бекіту, сондай-ақ кәсіпорындарында қаржылық есеп қағидалары мен принциптерінің орындалуын, кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және қаржылық есебіне талдау жасау арқылы қажетті теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру болып табылады.

Конференцияға ҚР ІІМ мемлекеттік тапсырыс бойынша қызметкері, колледжіміздің түлегі, әлеуметтік серіктес Қабылкадыров Ерік шақырылды. Конференцияны «Экономикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Бекмуратова Жанаргүл Сырымбетқызы алғы сөзбен ашып, болашақ мамандарға сөз берді. 3У-213 тобының студенті Манатхан Дамира, Оразаева Алтынай, Әліш Әлмұхамед, 3У-113 тобынан Балташова Индира , Маханова Гулназ тәжірибеден өткен мекеменің тарихы, бухгалтериясының құрылымы мен қатар тәжірибе уақытында игерген тәлімдерімен, үйренген жұмыстарымен бөлісті.

Конференцияда бөлім меңгерушісі Аксеитова Зейнеп Коппаевна болашақ мамандарға тілек тілеп, сенім артты. Конференция соңында кафедра меңгерушісі Жанаргүл Сырымбетқызы іс-шараны қорытындылап, қатысқан оқытушылар мен студенттерге алғысын білдірді.

Бекмуратова Ж.С