Body: 

Бүгінгі бітіруші түлектерді толғандыратын мәселе - ол өздерінің болашақ мамандықтарын таңдауы. Көлік және коммуникация колледжінде 20 маусым күні қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады.

Колледждегі қабылдау комиссиясының жұмысының басталуы нағыз мерекеге ұласты. Аспанда қалықтаған шарлар, қызыл кілем, ең бастысы - жүздерін қуаныш кернеген, көңілдері толқыған талапкерлердің өздері білім алатын оқу орындар мен мамандықтарын таңдауы, олардың өміріндегі есте қалар сәттердің бірі, маңызды қадамдары болды.

Колледждің болашақ студенттерін колледж директоры З.С. Гаипов, "ҚТЖ"ҰК" АҚ ғылыми-зерттеу орталығының директоры А.К. Омарбеков, Астана қаласы Білім басқармасының ТжКБ бөлімінің әдіскері Н.С. Исина, сонымен бірге колледждің оқытушылары мен студенттері қарсы алды.

Алғашқы күннің өзінде балалар саны көп болды. Кез келген мерекенің өзіндік тосынсыйы болады емес пе? Осы күні колледжімізге бірінші болып құжаттарын тапсырған 15 талапкер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Есенбекова А.Е.