Body: 

2016 жылғы 3 қыркүйекте колледжге Қызылорда қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері және Астана қаласы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Басығараева Салтанат Қайратқызы келді.

Тәжірибе аумасу мақсатымен келген колледж конақтары оқу орнының материалдық-техникалық базасын аралап қайтты. Соңғы заманауи оқу-жабдықтарымен жабдықталған оқу кабинеттері, жаңа техникалық базамен қамтамасыз етілген зертханалық лабораториялар, заманға лайық көрнектелген мұражай, құнды оқулықтармен және ғылыми еңбектермен толықтырылған кітапхана – осының бәрі қонақтардың көңілінен шықты.

Кездесу соңында Қызылорда қаласының өкілдері колледж ұжымының жұмысына жоғары баға беріп, алдағы істеріне де табыс тіледі.


А.Мурзабаева