Body: 

Елбасымыз өз жолдауында кәсіптік және техникалық білім берудің деңгейін арттыруды айтқан болатын. Берілген тапсырманың орындалу барысын тексеру үшін 2016 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Карагусова Гульжана Джанпеисовна, Яковлева Татьяна Ивановна және Жаилғанова Анар Нұралықызы «Көлік және коммуникация колледжіне» келген болатын.

Оқытушылармен және студенттермен кездескен халық қалаулылары оқу орнының материалдық-техникалық базасын көріп, колледж студенттерінің білімдегі жеткен жетістіктерін тамашалап қайтты. Дуалды білім беру жүйесі енгізілген білім ұясында қазір сабақтар ағылшын тілінде де оқытыла басталғаны депуттарды қатты қуантты.

Анар Жаилғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Ең басты мәселе – мамандарды даярлау мәселесі. Колледжге келіп, үлкен жұмыстарымен таныса отырып, колледждің қаншалықты Елбасы айтып отырған мамандарды дайындау мәселесіне толық дайын екенін, өте жоғары деңгейін көріп отырмыз. Осы колледжде тек қазақ және орысша ғана емес, ағылшын тілінде де мамандар дайындалып жатқандығын көріп жатырмыз,-деді.

Кездесу соңында қонақтар колледж ұжымына білім саласын дамыту жолында тек қана жетістіктер мен табыс тіледі.

А.Мурзабаева