Body: 

2016 жылғы 20 қыркүйекте колледждің кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел жетістігі – ел бірлігінде» атты кітап көрмесі ашылды. Кітап көрмесінің мақсаты - студенттерге Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктерін көпшілікке таныту.

Кітап көрмесінде елде болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси саладағы аса маңызды оқиғалар кезеңдері көрініс тапқан әдебиеттер ұсынылған.

Көрменің ашылу рәсімін кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жунусова алғы сөзімен бастады. «Бұл көрмеге егеменді еліміздің қалыптасуы мен дамуын баяндайтын кітаптар қойылған. Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміздің қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер біз үшін өте қымбат».

Кітап көрмесі оқу жылы бойы оқырмандар үшін ашық. Оның экспозициясы жаңартылып отырады. Кітапхана жұмысының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған басқа да іс-шаралар жүргізілетін болады.

Кітап көрмесіне 2ЭТХ-214, 1С-215, 2Д-215, 2РЭС-415 студенттері, колледж мұғалімдері, оқырмандар мен кітапхана ұжымы қатысты.

Г. Жунусова