Body: 

2016 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында «Астана – таза, жасыл әрі қауіпсіз қала» акциясы аясында жалпы қалалық сенбілік күні өтті. Осыған байланысты Көлік жене коммуникация колледжінің студенттері мен оқытушылары аталған шараға қатысып, қаламыздың сәнін келтіруге өз үлестерін қосты.

Сенбілік аясында колледж ауласы мен колледж маңындағы аумақтар тазаланып. Сонымен қатар колледж жатақханаларындада сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аталған шараға жалпы саны 2000-нан астам адам қатысты, оның ішінде колледж оқытушылары мен қызметкерлері де бар.


А. Мұратұлы