Body: 

2016 жылдың 19-24 қыркүйек аралығында «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедра оқытушыларының апталығы өтті. Апталық аясында оқытушылар ашық сабақтар берді. Айжан Өркенқызы «Тілдік жүйе және норма. Тілдік норма – әдеби тілдің ең маңызды элементі» ашық сабағын 2Д-415 тобымен өткізді. Сабақта топпен жұмыс, интерактивті тақтаның беретін мүмкіндіктерін кеңінен қолданды. Кафедра оқытушылары Г.К.Ахметова, М.Т.Рахымова берген ашық сабақтар әдіскерлер тарапынан жақсы деп танылды.

22 қыркүйекте колледж кітапханасында «Қазақстан – бейбітшілік пен ынтымақтастық елі» атты колледжішілік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. С.А.Алимова, Г.Т.Базилбаева және М.Т.Рахымованың жетекшілігімен өткен конференцияға 1,2 курс студенттері қатысты. 2ППС-215 тобының студенті Баяхмет Ораз «Ел бақыты.Көз жетпес биік, құшақ жетпес алып» баяндамасы үшін 1-орынды иеленді(жетекшісі: Бердешова И.Ә.). Студенттер Тәуелсіздіктің 25 жылында салынып өткен сүрлеу-соқпақ жолдың тарихи беттерінен сыр ақтарды. Еліміздің бүгіні мен ертеңін елестете отырып, өз ойларын ортаға салды. Барлығы конференцияға 17 студенттің баяндамасы қатыстырылды.

23 қыркүйек күні колледждің Акт залында «Тәуелсіз елдің еңсесі биік, тілі үстем» атты концерттік бағдарлама қойылды.

Ерекшелігі, концерт үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде жүргізілді. Іс-шара директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тоты Тлеулесовнаның құттықтау сөзімен басталып, конференциядан орын алған студенттерді және олардың жетекшілерін марапаттаумен ұласты.

Концертте «Асыл мұра» көрінісі көрермендерге ұсынылды. Махамбеттің рөлін Құрақ Саян(2ОЭО-214 тобы), Бала Құрманғазының рөлін Наусар Далер(2ППС-214 тобы) ойнады. Студенттердің сахналық дайындығын көрермендер ыстық ықыласымен қошеметтеді. «Жаса, қазақ тілі» әнін Ғабдеш Дәурен (2ППС-214 тобы) аса үлкен мақтанышпен орындап, ұзақ ұласқан қошеметке ие болды.

Сонымен қатар, Засухин Иван(2СД-115 тобы) мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқып, қалың көпшіліктің сүйіспеншілігін иеленді.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Л.Қ.Нығыметова «Атамекен» әнін орындады. Оқытушы өзінің әдемі даусымен және асқан шебер орындауымен концертімізді аяқтады.

Кафедра меңгерушісі:
А.Е.Дюсекова