Body: 

2016 жылғы 29 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Аталған шарада 2015-2016 оқу жылының нәтижесі бойынша «Үздік балабақша», «Үздік мектеп», «Үздік білім беру ұйымы» атаулары мен ведомстволық марапаттардың иелері анықталды.

Елордада 34 кәсіптік және техникалық мамандарды даярлайтын оқу орны бар болса, солардың ішінде біздің білім ордамыз оқу – тәрбие үдерісінің қорытындысы бойынша «Үздік колледж - 2016» атанып, қала әкімі Ә. Исекешовтың грантына ие болды.

Құрметті әріптестер! Сіздерді үлкен жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!

А. Мурзабаева