Body: 

2016 жылғы 30 қыркүйекте колледжде Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс – шаралар өткізілді.

Мерекенің бастамасы колледж ардагері, экс-директор, колледждің құрметті профессоры Сапар Нұғыманұлы Мустафин атындағы оқу-зертханалық аудиторияның салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Оқу-зертханалық аудиторияның ашылуының басты мақсаты – колледж ардагерлерінің есімін ұлықтау, сол арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Оқу – аудиториясының ашылуы қызыл баудың қиылу рәсімімен басталды. Содан кейін жиналған қонақтар зертханалық аудиторияның құрал-жабдықтарымен танысты. Бұл аудиторияда студенттер ғылыми жобалармен айналысып, байланыс саласындағы білімдерін тереңдету мүмкіндігіне ие болады.

Мерекелік шара мәжіліс залында жалғасын тапты. Жастар комитетінің белсенділері сүйікті ұстаздарына арнап концерт қойды.

Құттықтау сөзімен ортаға шыққан колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов әріптестеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық, қиын да қызықты еңбектерінің жемісті, ал студенттерінің өз саласының білікті мамандары болуына тілек білдірді.

Сонымен қатар коллледж оқытушыларын қадірменді қонақтар – колледж түлегі, ҚР құрметті теміржолшысы Берік Сағындықұлы Айтпеков, әлеуметтік серіктес, «Қазақстан Темір Жол» ҰҚ» АҚ Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология департаментінің директоры Нұржан Нұғыманұлы Жақсыбаев, колледж ардагерлері Леонид Петрович Титенков, Омари Шалвович Отинашвилли, Рабиға Жартайқызы Жанайдарова құттықтады.

Оқу-тәрбие үдерісіне қосқан зор үлестері үшін колледж директорының алғыс хаттарымен Батима Құсайынқызы Торгоутова, Гаухар Әбілдақызы Алдонгарова, Алтынай Есенбекқызы Есенбекова, Айгуль Алданышқызы Серикова марапатталды. Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми әдістемелік орталығының алғыс хаттарына «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару» кафедрасының оқытушылары ие болды. Сонымен бірге аттестациядан өткен оқытушыларға біліктіктілік санатын беру туралы куәлік табысталды.

А.Мурзабаева