Body: 

2016 жылғы 17 қазанда колледжде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этномәдени бірлестіктер күні» өтті. Мерекелік іс-шараға Қырғыз мәдени орталығы, «Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі, «Возраждение» неміс қоғамы қатысты.

Мерекелік шараны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Анара Өміртайқызы Мурзабаева ашты. Барша жиналған қауымды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, колледж оқытушылары мен студенттерін келген қонақтармен таныстырып өтті.

Қырғыз мәдени орталығының төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Шавкат Абдуллаевич Исмаилов өзінің құттықтау сөзінде Елбасымыздың Қазақ жерін мекен еткен 130-дан астам ұлттар мен ұлттық бірлестіктерге жасап отырған қолдауына тоқтала отырып, өзінің қазақ елінде туып-өскенін мақтан ететінін жеткізді.


Кеш барысында этномәдени бірлестіктер жиылған қауымға арнайы дайындап келген мерекелік концерттерін ұсынды.

А.Мұратұлы