Body: 

2016 жылғы 24 қазанда Көлік және коммуникация колледжінің №1 жатақханасында «Астана – арман қала!» атты патриоттық кеш өтті.

Кештің мақсаты – жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі ретінде Елордамыз Астана туралы мағлұмат беріп, жастарды отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету, жастарды ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.

Кеш барысында студенттер патриоттық рухтағы әндер айтып, Астанаға арнап жыр шумақтарын да оқыды. Әсем би билеп, көріністер қойып, көрермендермен ойындар ұйымдастырды. Астанаға деген ыстық ықылас пен махаббаттарын жастар өз өнерлері арқылы көрсетті.

А. Туралиева