Body: 

«Өскелең ұрпақ физикалық тұрғыдан күшті,
танымдық жағынан бай болу керек»
Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

2016 жылғы 24 қазанда "Дене шынықтыру және АӘД" кафедрасының ұйымдастыруымен колледж спорт залында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттердің спортқа деген ыңтасын дамыту және 2017 жылы Алматы қаласында өткізілетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы қолдау.
"Алға Қазақстан" әнінің сүйемелдеуімен кафедра меңгерушісі Жусупов Марат Баймұратұлы би стилінде таңертеңгілік жаттығу кешеңін өткізді. Спорттық шараға 100-ден астам студент қатысты. Жаттығудан қатысушылар үлкен күш-қуат, сергектік жинап, тамаша көңіл-күйге бөленді. Іс-шараға әлем Чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогының иегері, «Көшпенділер» белбеу күресі бүкіләлемдік ойындардың Чемпионы, колледж түлегі Сатпаев Дидар қатысты. Өз сөзінде Дидар студенттерге салауатты өмір салтын сақтап, дене шынықтырумен және спортпен жиі айналысуды тіледі.

М. Жусупов