Body: 

2016 жылғы 31 қазанда колледж студенттерімен Астана қаласы, «Құқық» қоғамдық қорының заңгер маманы Даутова Молдір Болатқызы кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – студенттерге «Жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚОК, ҚР ӘҚБК аясындағы кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктері туралы» толық ақпарат беру. Тренинг «Жаңа ҚР ҚК, ҚР ҚОК, ҚР ӘҚБК аясындағы «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» деген тақырыпта өткізілді.


Тренинг барысында заңгер маман студенттерге қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың кәмелет жасқа толмағандардың арасында неше жастан басталып, қандай жауапкершілікке алынатыны туралы түсіндірілді. Сондай-ақ студенттерге ең басты жауап бере алатын заңды тұлға ата-аналары екені де баса айтылды.

Г.Нұрқабыл