Body: 

2016 жылғы 12-15 қыркүйек күндері аралығында елордамызда жыл сайын ұйымдастырылатын, жұмысшы және техникалық мамандықтардың дәрежесін жоғарылатуға арналған «World Skills Kazakhstan-2016» Ұлттық чемпионаты өтті.


Чемпионатты ұйымдастыруға Астана қаласының студент жастары ат салысты. Сапалы атқарылған ұйымдастыру жұмыстары мен жоғары деңгейде өткізілген іс-шаралардың нәтижесі бойынша колледждің 3ОПУД-114 тобының студенттері Нұрлан Темиркеев пен Илья Звонов чемпионатты ұйымдастыруға жемісті серіктестік пен белсенді үлес қосқаны үшін «Кәсіпқор» Холдингінің» алғыс хатымен марапатталды.

А. Мурзабаева