Body: 

Жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту және Отанды қорғаудағы дайындығын жетілдіру мақсатында 2016 жылғы 27 қазанда № 68665 әскери бөлімінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласының Білім басқармасы және Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен қалалық «Жаужүрек мың бала» әскери-патриоттық эстафетасы өткізілді. Іс-шараға 500-ден астам студент қатысты.

Сайыс барысында колледждің «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының мүшелері керемет әскери дайындықтарын көрсетті.

Іс-шараның салтанатты жабылу рәсімі 2016 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Қорғаныс Минстрлігінің Ұлттық мұражайында өтті.

Әскери эстафетаның нәтижесінде колледждің құрамасы «Бас жүлде» кубогының иегері атанып, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Е.Мамытбековтың дипломымен марапатталды.

«Бүркіт» әскери–патриоттық клубының командирі - 2ППС-215 тобының студенті А. Кошербаев пневматикалық винтовкадан ату жарысынан үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, I орынды иеленді. 3ЭТХ-214 тобының студенті А. Серікбай граната лақтырудан III орын алды.

Колледж ұжымы команданы жеңіспен құттықтай отырып, болашақтағы спорттық жетістіктерде табыс тілейді!


Б.Сарсембаев