Body: 

2016 жылғы 30 қазанда Астанада «МЕЙІРІМДІЛІК-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық Қоры үлкен іс-шара ұйымдастырды. Бұл іс-шара - Астана қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «100 ИГІ ІС» акциясы негізінде жүзеге асты. Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және аз қамтылған отбасы санатына жататын отбасыларға көмектесу.

Аталмыш акцияға Астана қаласының колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Акция қорытындысы бойынша колледж «МЕЙІРІМДІЛІК-М» Қайырымдылық ұйымы» Қоғамдық Қоры тарапынан ерекше белсенділігі үшін алғыс хатпен марапатталды.


Г. Нұрқабыл