Body: 

2016 жылғы 9-12 қараша аралығында Астанадағы көрме орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Eurasian Book Fair - 2016» атты Еуразия халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара ірі ағартушылық алаңда ТМД, Еуропа мен Азия мемлекеттерінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-ағартушылық және полиграфия компаниялардың басын қосып отыр. Оқырмандар мен сатып алушыларға жақын және алыс шет мемлекеттердің кітап шығару және полиграфия саласындағы жетекші баспа үйлерінің заманауи кітап өнімдерінің ассортименті және жаңа технологиялары ұсынылды

Іс-шараны ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы). Ресми қолдау көрсетушілер: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі, Астана қаласының әкімдігі.

Көрмеге халықаралық сарапшылар, белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, баспа басшылары мен кітапхана өкілдері қатысты.

Үш күнге созылған көрмеде Көлік және коммуникация колледжінің оқытушылары мен студенттері көрменің үздік үлгілерімен танысып қана қоймай, таяу және алыс шетелдердің кітап баспа өнімдерін сатып алуға мүмкіндіктері болды. Студенттердің ерекше назары оқу әдебиеті және электронды құралдары үшін кәсіптік білім беру презентациясына ауды. Еуразия халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесі аясында «Еуразияшылдық кітап мәдениет және гуманитарлық ынтымақтастық контексінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған коллдж кітапханасының меңгерушісі Г.Б. Жунусова «Кітапхана қазіргі заманғы мәдениетінің контекстінде» тақырыбында баяндама оқыды. Өз баяндамасында Г.Б. Жунусова кітапханананың функциясы мен рөлі, экономикалық негіздеу қызметі, кітапханалық қоғамдастық жұмысының тиімділігін мәселелерін қозғады.

Барлық конференцияға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Г.Б.Жунусова