Body: 

2016 жылғы 12 қарашада колледжде «Жастар» ісі жөніндегі комитеті төрағасының сайлауы өтті. Сайлауға 6 студент қатысты: 3ЭТХ-214 тобының студенті – Балтабай Сағынжан, 3С-214 тобының студенті – Даутбаева Гульнар, 2Д-215 тобының студенті – Жапарова Аружан, 3ППС-214 тобының студенті – Өскенбай Курбанбай, 2ПОВТ-115 тобының студенті – Сапар Данияр, 3ППС-214 тобының студенті – Хамитов Руслан.

Сайлаудың ашылу салтанатында сөз бастаған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т. Абдикаримова үміткерлердің әр қайсысына алға қойған мақсаттарының орындалуына сәттілік тіледі.

Сайлаудың сапалы және әділ өтуін қадағалауға үміткерлердің сенімді өкілдері ат салысты


Сайлау қорытындысы бойынша 23,83 % көрсеткішімен 2ПОВТ-115 тобының студенті Сапар Данияр жеңіске жетті.

А.Мұратұлы