Body: 

2016 жылғы 15 қарашада "Кәсіптік білім беру және бизнес:серіктестер диалогы" атты VII қалалық форумы өткізілді.

Форумның мақсаты - еліміздің еңбек нарығына арналған кооперативтік кадрларды дайындаудың траекториясын одан әрі дамытуды анықтау болды.

Форумның міндеттері:
- Меморандумдар мен келісімдерге қол қою арқылы мамандарды бірігіп даярлау үшін колледждер мен кәсіпорындарды анықтау.
- Халықаралық тәжірибені енгізу арқылы теникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Форумның қатысушыларын тіркеу ресімінен соң, Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары мамандықтарының бағыттары бойынша ЭКСПО-2017 және ҚР Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған көрме өтті. Бейнефильм көрсетілгеннен кейін, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Сенғазыев Қасымхан Сенғазыұлы форум қатысушыларына құттықтау сөзін сөйледі. "Кәсіпқор"Холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары Бимендина Әсима Темкеқызы "Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың стратегиялық бағыттары" тақырыбында баяндама жасады.

Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмыстары, сұранысқа ие болған мамандықтар мен жаңа оқу орталықтарының құрылуы туралы кәсіпкерлер Палатасының директоры – Тасмағанбетов Ғани Мерғалиұлы айтып өтті.

Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы "Әлеуметтік серіктестік- кәсіптік білім беру сапасын көтерудің басты шарты" тақырыбында баяндама жасады. Осы мәселенің жалғасы ретінде «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының филиалы Астана сигнализация және байланыс дистанциясы" аға байланыс электромеханигі Утюпов Сәрсен Мадинатович "Әлеуметтік серіктестіктің іскерлік қырлары" тақырыбында баяндама жасады.

Барлық қатысушыларды VII қалалық форумның ұсынымдарымен Политехникалық колледждің директоры Старунов Виктор Ильич таныстырды

Форум жұмысы кадрларды даярлау бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсім арқылы аяқталды.

Е.Б.Тарасова