Body: 

2016 жылғы 18 қарашада колледжде алғащқы әскери дайындық пәні оқытушыларының ұйымдастырылуымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, Cарыарқа аудандық колледждерінің әскери - патриоттық клубтары арасында «Отан үшін күрес - ерге тиген үлес!» атты қалалық жарыстың іріктеу кезеңі өтті.

Әскери-патриоттық жарыстың мақсаты - Қазақстандық патриоттарды тәрбиелеу, әскери-патриоттық клубтардың спорттық дайындығын жоғарылату және салауатты өмір салтын насихаттау, әскерге шақырылушы жастардың физикалық және әскери дайындығын дамыту.

Бұл іріктеу кезеңіне колледждің «Бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Жарыс екі саты бойынша өтті. Біріншісі әскерилендірілген эстафета болса, екіншісі «Отан қорғаушы» әскери-спорттық жинақтың нормативтерін орындау болды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Сарыарқа ауданынан Көлік және коммуникация колледжі, Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжі және Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі қалалық жарысқа жолдама алды.

Б. Сарсенбаев