Body: 

2016 жылғы 18 қарашада колледждің кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Астана-Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел «Тальго» дебат клубы мүшелерінің ұйымдастырылуымен өтті. Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:
1) Астана тарихы;
2) Астана - көлік және логистика орталығы;
3) Астана - түркі әлемінің мәдени орталығы;
4) Астана - білім және ғылым ордасы;
5) Астана - Орталық Азия туризмінің орталығы.

Негізгі баяндамашыларға оппоненттер қарсылық көрсету арқылы көрермендерге ой салып, олардың пікір-сайысқа қатысуына мүмкіншілік жасалды. Өткізілген іс-шара қатысушылардың көңілінен шығып, өз мақсатына жетті.

Б. Журкабаев