Body: 

2016 жылғы 23 қарашада Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде "Студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы заманауи білім беретін технологиялардың рөлі" тақырыбында Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны өткізу мақсаты- колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін тарату, зерделеу және жинақтау, біліктілікті арттыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің жұмыстарын ынталандыру.

Ашық есік күніне Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ-ның өкілдері, ТжКББ мекемелерінің оқытушылары, әлеуметтік серіктестер қатысты.

Қатысушыларға арналған алғы сөзді колледж директоры З.С. Гаипов, Астана қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің әдіскері Б.Б. Жукенова және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалының бас маманы Р.С. Бурабаева сөйледі..

Бағдарлама бойынша 9 ашық сабақ өткізілді. Жалпы білім беретін пәндер секциясы келесі оқу пәндері бойынша ашық сабақтарын ұсынды: "Математика" - Г. Ж. Мырзағалиева, "Химия" – Р. К. Бужбанова.

Арнайы пәндер секциясы келесі пәндер бойынша панорамалық сабақтар көрсетті: "Жолдар мен станциялардың құрылғысы" - Р.Плахотнюк, "Өнеркәсіптік электроника негіздері"- Д.Д.Айқынбаева, "Тежегіш құралдарын басқару" - тақырыбында О. Т. Қалиев, Қ. Т. Әбілдинов кіріктірілген сабақ, "Сызу" - А.Т. Далабаева, "Темір жолдардың жалпы курсы" - Р. С. Ермаханова, слесарлық практика – К.Қ.Қожахметов және Ш.М.Бабаева "Сабақтарда видеоскрайбинг технологиясын қолдану" бойынша шеберлік сынып өткізді.

Сабақтарда үштұғырлы сабақтың мақсаты іске асырылды, қазіргі заманғы білім беру технологиялары қолданылып, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді түрлері мен әдістері қолданылды.

Қонақтар оқытушылардың педагогикалық және әдістемелік шеберлігін, сондай-ақ интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жоғары деңгейде атап өтті.

Әдіскер С. Хайруллина