Body: 

Қараша айының 25-ші жұлдызы күні Көлік және коммуникация колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің
25 жылдығы мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты IV дәстүрлі жас ақындардың жыр мүшәйрасы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Елбасы тұлғасын, еліміздің Тәуелсіздік алған күннен бергі ел тарихын жырларына арқау ету.

Кешімізге - ҚР Тұңғыш ғарышкері, халық қаһарманы, колледждің құрметті профессоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров, саяси ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ профессоры Наубат Қалиев, Халықаралық, республикалық жыр-мүшәйраларының жүлдегері, ақын Қалқаман Сарин, танымал айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иесі (2013ж) Жандарбек Бұлғақов, айтыскер ақын Сырым Әуезхан, Астана қаласының Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің жетекшісі Басығараева Салтанат Қайратқызы, Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ақын Асылзат Арыстанбек қонақ болды.

Жыр кеші барысында Астана қалалық мәслихатының депутаты, саяси ғылымдарының докторы, колледж директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жаһандану және Қазақстан Республикасының саяси дамуы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Алғы сөзді саяси ғылымдарының докторы, профессор Наубат Қалиев айтып өтті. Келесі құттықтау сөзінде ҚР Тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Тәуелсіз Қазақстанның кешегі өткені мен бүгінгісі, өзгерістері мен даму жолдарын атап өтті. Іс-шара барысында қонақтарға жаңа кітап сыйға тартылды.

«Осындай жастарға рухани, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, жас ақындарға қолдау көрсететін бүгінгі Мүшәйра колледжде бастау алғаны қуантарлық жайт. Осы шараны ұйымдастырып отырған Колледж директорына алғыс білдіремін. Техникалық білім беретін мекемеде талғамы биік мұндай іс-шара өткізу қазақ әдебиетіне және қазақтың қара өлеңіне деген тағзым деп санаймын»,-деп ақын Қалқаман Сарин:

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басың тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, хош келдің!-

деген өлеңін көрермендерге тарту етті.


Кафедра меңгерушісі Дюсекова А.Е.