Body: 

2016 жылғы 28 қарашада 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасында кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жунусова және тарих пәнінің оқытушысы А.Т.Ахметованың ұйымдастыруымен «Тарих толқынында» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты жастардың «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуына тұлғалық үлесін қосу; Елбасының публицистикалық шығармаларын насихаттау.

Оқырмандар конференциясына Астана қаласы Менеджмент және бизнес колледжі кітапханасының меңгерушісі Б.Б.Ахмедярова, Астана қаласы әкімдігінің Көпбейінді колледжі кітапханасының меңгерушісі Н.Ж.Мерекенова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т. Абдикаримова, әдіскер С.М. Хайруллина және колледж студенттері қатысты. Конференцияның ашылуын жүргізушілер бастап, алғы сөз директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т. Абдикаримоваға берілді.


Конференцияда Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы бойынша ой қозғалып, баяндамашылар өз пікірлерін ортаға салды. Олар ел болу мәселесі, Тәуелсіздікке жеткізген сарабдал саясат туралы, жер тарихы, тілдің мәртебесі, халықтың болашағы мен жарқын өмірін саралап беретін Елбасының еңбегімен ой бөлісті, қанатты сөздердегі жатқан тұңғиық ойды ортаға салды, пікір алмасты.

Оқырмандар конференциясының соңы белсене қатысқан оқырмандарды марапаттау рәсімі мен естелік суретке түсумен аяқталды.

Г.Б.Жунусова