Body: 

2016 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиналған қауымды колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізген саясатының арқасында Қазақстанның орасан зор табыстарға қол жеткізгеніне ерекше тоқталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде экономика көлемі 13 есеге, ЖІӨ деңгейі жан басына шаққанда 9 мың АҚШ долларына артқандығын және тек соңғы 10 жыл ішінде кірістің, төменгі күн көріс минимумынан төмен халықтың үлес салмағы 4 есе азайғандығын, он жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы 5 есе, дәрігерлердікі 7 есеге, зейнетақы ¬ 6 есеге өскендігі туралы атап кетті. Сонымен бірге осы жылдарда 45 миллион шаршы метр тұрғын үй, 450 аурухана мен емхана, 750 жаңа мектеп салынғандығын мұндай көрсеткіш қысқа мерзімде ешбір елдің тарихында кездеспегендігін, Тәуелсіздігіміздің жетістігі Елбасының көрегендік саясатының арқасы екендігін атап айтты.

Іс-шара барысында Зулуфхар Сұлтанұлы колледж оқытушылары мен қызметкерлерін, ата-аналар мен студенттерді салтанатты түрде марапаттап, өз алғысын білдірді. Мерекелік концертке Астана қаласы білім басқармасының техникалық кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің әдіскері Нургалимов Саят Нұрланұлы құттықтау сөзін сөйледі. Астана қаласы Техникалық экономикалық колледж директордың орынбасары ақын Ахметов Мұңсызбай Дүйсенұлы өзінің құттықтау тілегін жыр шумақтарымен жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ұлттық әскери патриоттық мұражайының аға офицері Аягозова Шынар Мэлсқызыда концертке қатысты

Колледж өнерпаздар тобының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерт өзіндік ерекшелігімен есте қалды. Елбасының ең сүйікті «Весна на заречной улице» әніне қойылым көрсетілді, мерекелік концертте жиналған қауым түрлі ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалады..

Мерекелік концерттің соңында арнайы шақырылған қонақ-«Жас қанат 2015» республикалық байқауының лауреаты, «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы, әнші Нұрлан Тукеновтың орындауында музыкалық тарту жолданды.

А.Мурзабаева