Body: 

2016 жылғы 23 желтоқсанда кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.

Шыршаның қасына жиналған бүлдіршіндер, жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақарды дауыстап шақырды. Жиналған қонақтардың алдына шыққан Аяз Ата мен Ақшақар өздерімен бірге ескі жыл иесі Мешін мен жаңа жыл иесі Тауықты ерте келді. Сонымен қатар, ертегілік кейіпкерлер - Айдаһар, Аққала, Қоян және Спанч Бобтарда ортаға шығып, балақайлардың көңілін көтерді. Қойылым соңында Аяз Ата мен Ақшақар әр бүлдіршінге жаңа жылдық естелік сыйлықтар табыстады.

А. Мурзабаева