Body: 

2016 жылғы 28 қаңтар күні колледж студенттеріне арналған жаңа жылдық бал – маскарад өтті.

Мерекелік кештің шымылдығы колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаиповтың құттықтау сөзімен ашылды. Зулфухар Сұлтанұлы студенттерге жаңа 2017 жылда үздік оқуға, жаңа табыстарға, жаңа шығармашылық жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

Музыкалық бал-маскарадтың қызық әрі тартымды өтуіне Аяз Ата мен Ақшақарда өз үлестерін қосты. Барша жиылған студенттер арасында лоторея ойынын ойнатып, үздік киім киген студенттерді анықтады. Бағы жанған студенттер бағалы сыйлықтарға ие болды. Музыкалық кештің соңы дискотекаға ұласты.

А. Мұратұлы