Body: 

2017 жылдың 3-ақпаны күні Көлік және коммуникация колледжінің кітапханасының оқырмандар залында кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жунусова және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы А.Т.Ахметованың ұйымдастыруымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына арналған кітапханамен бірлескен ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты жастар арасында Елбасы Жолдауын таныстыру, насихаттау мен ақпараттық қолдау.

Тәрбие сағатына колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

Тәрбие сағатының ашылуын кітапхана меңгерушісі Г.Б.Жунусова бастап, Жолдауға өз пікірін білдірді. Тәрбие сағатында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы А.Т.Ахметова тәуелсіздігіне жиырма бес жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңіліп, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс-тіршілігінің дамуына бірден-бір ықпал еткен фактор-бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне тоқталды. Жолдаудың 5 басымдылығы ортаға салынды, қатысушылар пікір алмасты.

Тәрбие сағатының соңы белсене қатысқан студенттермен естелік суретке түсумен аяқталды.


А.Т.Ахметова