Body: 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында Көлік және коммуникация колледжінің 85 оқу тобында «Егеменді, тәуелсіз, дамыған Қазақстан жетістіктерінің презентациясы» тақырыбында 2016-2017 оқу жылының қараша – қаңтар айлары аралығында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – тәуелсіз ел жастарының патриоттық сезімдерін нығайту, «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын меңгерту.

Іс- шара барысында топ жетекшілері тәрбие сағаттарының әзірлемесін, презентацияларын және еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қиын – қыстау кезендері туралы баяндайтын үлестірме материалдарын жасады.

1С-216, 1ЭН-216, 2Д-215, 2ОЭО-215, 1РЭС-116 топтарында өткізілген сынып сағаттары жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.


Аталған топтардың жетекшілері - Ахметова Айгуль Толеубаевна, Сыдыкова Айгуль Нургазыновна, Амирова Ғалия Асхатовна, Серикова Айгуль Алданышевна, Шабкенова Алия Хайруллаевна - тәуелсіздік тарихын баяндап, студенттерді отансүйгіштікке баулыды.

А.К.Муканова