Body: 

2017 жылдың 13-18 ақпан аралығында «Электрлі тартымды шаруашылығы» кафедра оқытушыларының апталығы өтті. Апталық аясында оқытушылар ашық сабақтар берді. Тоқсанбаева С.И «Темір жолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі» пәні бойынша ашық сабағын 3ЭТХ-214 тобымен өткізді. Сабақта топпен жұмыс, интерактивті тақтаның беретін мүмкіндіктерін кеңінен қолданды. «Темір жолды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі» және «Жылжымалы құрамның автоматты тежегіштері» пәндері бойынша 4ППС-214 тобымен «Білікті бірді жығады білімді мыңды жығады» тақырыбында интелектуалды ойын түрінде сабақтан тыс шара өткізді.

14 акпанда колледж музейінде техникалық шығармашылық көрмесі өтті. О.Т Калиев, Е.С Емишев, Қ.Қ Қожахметов, М.А Наурызбаев жетекшілігімен өткен көрмеге 3 курс студенттері қатысты. Студенттердің қолдарымен жасалған шығармалар көрмеге қойылды.


Кафедра оқытушысы Есентаева Ж.Б «Еңбек қорғау» пәні бойынша ашық сабағын 3ЭН-214 тобымен өткізді. Студенттер қорғаныс құралдары туралы көптеген мағлұмат алды. Бұл сабақта Венн диаграммасы, топтастыру әдісі көрсетілді. Сабақта алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуге арналған манекен тренажерін пайдаланды.

Касымова С.Ж «Еңбек қорғау» пәні бойынша «Еңбек қорғауды басқару» тақырыбында ашық сабағын 2ЭТХ-115 тобымен өткізді. Сабақта жаңа технология әдістері қолданылды.

«Электр тораптарының электр жабдығын пайдалану, жөндеу және баптау» пәні бойынша Нұрбек Әсетұлы 3ЭН-214 тобымен ашық сабақ өткізді. Сабақта қолданған әдістері әртүрлі, әдістемелік тұрғыдан дұрыс таңдалған.

Аикимбаева Д.Д «Мамандығым мақтанышым» атты тақырыпта 1ЭН-116 тобымен тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына 4ЭН-113 тобынан студенттер шақырылды.

С.И Тоқсанбаева