Body: 

2017 жылғы 20 ақпанда «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару» мамандығының 1Д-216 тобының студенттерімен бірге елордамыз Астана қаласында, Қонаев көшесінде орналасқан «Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ орталық кеңсесінде орналасқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ мұражайына барып қайттық. Мұражайда колледждің психолог маманы, осы топтың жетекшісі Бегалиева Эльмирада болды.

Экскурсия барысында мұражай меңгерушісі Кучерюк Ирина Григорьевна студенттерді «ҚТЖ» басты ғимаратының бөлімдерімен таныстырды. «ҚТЖ» ғимараты әйнек қабырғалармен әрленген. Ғимараттың «қырық» қабаттан тұратынын, «отыз жетінші» қабатында қызметкерлер демалып, көңіл-күйін көтеретін «Қысқы бақ» демалу орталығы бар екенін айтып өтті.

Студенттер мұражайда Астана жаңа вокзалы макетімен, «Қазақстан темір жолы» макетімен, сонымен бірге әрбір жылдардағы темір жол саласында пайдаланылған түрлі жәдігерлермен танысты. Әр кезеңдердегі темір жол тарихымен, осы салаға үлес қосқан ардагерлердің алған медальдарымен, темір жол саласында киген киімдерімен, олардың құттықтау мараппаттарымен танысты.

Балалар өздерінің болашақ мамандығы туралы қызықты деректерді, заманауи техникалық құралдарды өз көздерімен көріп, болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Балалар өздерінің болашақ мамандығы туралы қызықты деректерді, заманауи техникалық құралдарды өз көздерімен көріп, болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

М. Ч. Карикулова