Body: 

Бүгін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін үздіксіз білім беру тұжырымдамасын іске асыратын, шығармашылықпен ұйымдастырылған әдістемелік жұмысты меңгеретін ерекше маңызды күн.

2017 жылғы 15 мамырда Көлік және коммуникация колледжінің базасында "Арнайы пән оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбында оқытушыларға арналған қалалық әдістемелік семинар өтті.

Семинарға Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерінің арнайы пән оқытушылары қатысты.

"Дәл осы білім беру саласындағы қоғамның жаңа ақпараттық ортасында ғана емес, тура осы ортада өз өмірін сүріп, жұмыс істейтін, жаңа ортада тәрбиеленетін адамдар ғана қалыптасады. Міне, ақпараттық мәдениеті мен біліктілігі жоғары педагогтарды даярлау қажеттігі қазіргі жағдайда маңызды мәселе болып табылады", — деп атап өтті, колледж директоры Зулфухар Сұлтанұлы Гаипов.

Келесі сөз кезегін Астана қаласы Білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің оқу жұмысы жөніндегі әдіскері Жукенова Бағлан Берденовна алды, оқытушылардың еңбегіне табыс тіледі.

Баяндама оқығандар: техникалық пәндер оқытушыларының қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Р. С. Ермаханова, Астана қаласының Көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы - Е. Б.Тарасова, құрылыс-техникалық колледжі - А.Б.Абдреймов, Астана қ. политехникалық колледжі - С.А.Тұрғымбаев, Астана қаласының экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі - Л. Қ. Баймұқанова, көпсалалы колледж - Б.Б. Курманалиев, М. Тынышбаев атындағы Ақмола Қазақ көлік және коммуникация академиясының колледжі - Б. Б.Оңғарбаева.

Ұсынылған баяндамалар тыңдалды және талқылады, келесі ұсыныстар қабылданды:
- оқу үрдісіне модульдік оқытуды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру, оқытушы және студенттің құзыреттілігін арттыру тәсілі ретінде;
- әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынас жасау, өндірістік кәсіпорындарда
тағылымдамадан және біліктілігін арттыру курстарынан өткізу арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету;

- мастер-кластар мен конкурстар өткізу арқылы оқытушылар арасында кәсіби іс-тәжірибе алмасуды өткізу;
- оқыту үдерісіндегі Worldskills стандарттарын енгізу.

Іс-шара колледждің материалдық-техникалық базасы және зертханалары туралы презентацияларды көрсетумен аяқталды.

Барлық баяндамашыларға Астана қаласы Білім басқармасының сертификаттары табыс етілді.

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі орынбасары Л.И. Матвеева
Техникалық пәндер бойынша
әдістемелік бірлестіктің
жетекшісі Р.С. Ермаханова