Body: 

1997 жылдан бастап 31 мамыр Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. 1921-1954 жылдар аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 100 мың адам қуғын сүргінге ұшыраған, оның ішінде 25 мың адам ату жазасына кесілген. Қуғын сүргін кезеңінде Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге 5 миллионнан астам өзге ұлт өкілдері жер аударылып келген.

Осыған орай, 30 мамыр 2017жылы Көлік және коммуникация колледжі кітапханасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ауызша журнал өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Жунусова Г.Б. айтуынша іс шараны өткізудегі негізгі мақсат: қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған қасіретті беттерді қайта зерделеп, ашаршылық жылдарындағы тарихи шындықтарды ашу, тәуелсіздік жолында жан аямай күрескен қазақ зиялыларын ұрпаққа ұлықтау.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Ахметова А.Т. студенттерге «Сталиндік репрессия» кезеңіндегі зұлмат жылдар жайлы әңгімелеп берді.

Кітапханашы Жуманазарова Ж.К. «Репрессия құрбандары» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Сонымен қатар «Соңғы сөз, соңғы сурет» слайды, «АЛЖИР» деректі фильмі көрсетілді. 1С-216 және 1Д-216 тобының студенттері белсене қатысты.

Г.Жунусова