Body: 

Ақпараттық технологияның қарыштап дамығанына қарамастан, оқырмандар үшін кітапханашылар әлі де болса негізгі ақпарат көзі болып табылады. Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Кітапхана саласында басты назар аударылатын бағыттардың бірі – ақпараттардың электронды ортада анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету, яғни пайдаланушыларға виртуалды анықтамаларды ұсыну.

Көлік және коммуникация колледжінің кітапханашылары Г.Б. Жунусова мен М.М. Омарова кітапхана қорына келіп түскен 0913000 «Энерго менеджмент», 1206000 «Жол қозғалысын ұйымдастыру», 1108000 «Темір жолының жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіби білімге арналған жаңа кітаптардың виртуалды көрмесін мемлекеттік және орыс тілінде назарларыңызға ұсынып отыр.

Құрметті оқырмандар виртуалды кітап көрмесін ғаламтор арқылы көріп өздеріңіздің қажеттеріңізге жарайтын немес қызығушылықтарыңызды туғызған кітапты колледж кітапханасынан алуларыңызға болады. Виртуалды кітап көрмесі колледж сайттының www.ctranscom.kz оқу үрдісі парақшасындағы кітапхана бөлімінде орналастырылған.

Омарова М.М.