Body: 

«Дене шынықтыру және АӘД» кафедрасының жаппай-спорттық және сауықтыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, бірінші курс студенттері арасында волейболдан колледж біріншілігі өткізілді. Кафедрада 6 штаттық оқытушы жұмыс атқарады, солардың әрқайсысы волейболдан колледж біріншілігіне бір командадан даярлап, жарысқа қатыстырды. Жарыс шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылды. Алты команда үш ойыннан сынға түсті.
Барлық ойындар жоғары деңгейде өтті. Ойынның қорытындысы бойынша үшінші орынды – оқытушы Е.Ш.Байдильдиннің командасы, екінші орынды – Б.К.Мырзагалиевтің командасы иеленіп, ойынның чемпиондары М.Б.Жусуповтың командасы болды. Барлық командалар медальдармен марапатталды.

М.Жусупов