Body: 

2017 жылдың 8 қарашасында 1310000 «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану» мамандығының студенттерімен технологиялық тәжірибенің нәтижесі бойынша конференция өткізілді.

Аталмыш конференцияға әлеуметтік серіктестік мекеме өкілі, АҚ ҰҚ«Қазақстан темір жолы» «Астана байланыс және сигнализация дистансасы» электрмеханигі Шарафеев Р. қатысты.

Конференцияда кіріспе сөз ретінде директордың орынбасары Матвеева Л.И. сөз сөйледі. Технологиялық тәжірибенің қазіргі заманғы өндіріс орындарында бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы маңыздылығы жөнінде ерекше атап айтты.

Студенттер АҚ «Қазақтелеком», АҚ «ҰҚ «ҚТЖ», ЖШС «DOSTYK TELECOM» және т.б. байланыс мекемелерінен тәжірибеден өткен.

Баяндама жасаған 4ТЭТР-114 топ студенттері:
1. Ергалиев Азамат
2. Стрельченко Евгений, Червоняк Андрей;
3.МаксутЕрнур;
4. Грицаев Сергей
5. Зикирина Гульден.

Студенттер технологиялық тәжірибенің өндіріс орнында қалай өткені жөнінде баяндама жасады.Өндіріс орнының құрылымынан, ұмыс барысынан, өздерінің қондырғылармен жұмыс істегендегі алған әсерлерімен бөлісті
Червоняк Андрей мен Грицаев Сергей өндірісте үйренгендерін көрнекі түрінде көрсетті.

Бұл конференция технологиялық тәжірибе кезінде, алған біліктің, болашақ колледж түлектерінің біліктілік деңгейін толық дәлелдеді. Алдағы қысқа мерзімде байланыс саласының заманауи қондырғыларымен жұмыс істей алатындығын және Қазақстан Республикасы темір жол саласының дамуына өз үлестерін қоса алатындықтарын көрсетті.


Л.Осташова