Body: 

Колледждің жұмыс жоспары бойынша 2017 жылдың 06-сынан 11-ші қарашасына дейін «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедрасының шығармашылық апталығы өтті.

06.11.2017 ж. колледж холлындағы телеэкранда оқытушылар және олардың жетістіктері жөнінде видеоақпарат көрсетіліп тұрды.

07.11.2017ж . химия оқытушысы Туловская Е.Г. 1Д-117 тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді . Елены Геннадиевнаның сабағында бір топ студенттері «Кім ең жоғарғы баға алғысы келеді» ойынына қатысса, екінші топ «су қаттылығын анықтау» зертханалық тәжірибе жасады.

1ЭТС-117 тобында сызу оқытушысы Тұрсұнбаев С.К. «Призма қимасының сызбасы. Аксионометриялық проекцияны салу.» тақырыбында ашық сабақ өткізді, мұнда оқытушы әлемдегі ерекше архитектурасы бар құрылыстар туралы ақпараттар берді.

08.11.2017 ж. Алдонгарова Г.А. 1С-217 тобының студенттерімен ашық сабақ өткізді. Гаухар Абельдиновнаның сабағында 3 ғылыми топ жұмыс жасады, олар дыбыстың пайда болуын, оның адам денсаулығына әсерін және дыбыстың музыкада қолдануын зерттеді.

09.11.2017 ж. сызу оқытушысы Сеитова К.Т «Геометриялық проекция.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттер топтарға бөлініп, геометриялық денелерді көрсетті.

10.11.2017 ж. математика пәні оқытушысы Жанбосынова М.А. «Математик-білгірлер» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Марияш Абиловнаның сабағында 1Д-116,1ОЭО-117, 1ЭН-117 тобының студенттері жаңа тақырып бойынша хабарламалар пен презентациялар дайындады.

11.11.2017 ж. 1ПМ-216 және 1Д-217 тобының студенттері математика кабинетіне «Алға, эрудиттер!» тақырыбындағы математика пән оқытушысы Джаппарова К.И өткізген қызықты сыныптан тыс сабаққа шақырылды. Күльзайра Имантаевна кабинет жабдықтарын түгел пайдаланды. Өте қызықты және танымдық ойын өткізілді.

11.11.2017 ж. шығармашылық апталықтың жабылуы болды. «Жаратылыстану-математикалық пәндер» кафедрасының шығармашылық апталығында өткізілген барлық іс-шаралар студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттыру, өзін және өмірді тануға және өзін-өзі реттеу және ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға бағытталды.

A.Касымбекова