Body: 

2017 жылғы 23 қараша күні колледжіміздің мәжіліс залында А35 жобасының қолдауымен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы өткізілді.

Мерекелік жиынға ҚР ҰҒА академигі, ЕҰУ «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қасқабасов Сейіт Асқарұлы қатысты.

«Ұлт туып, ұлы жолда қызмет істесе, одан зор ұлтқа ырыс пен пайда бар ма?» – деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен ойын бастаған ғалым-ұстаз, «Ырыс деген періште тек елі мен туған жеріне адал қызмет атқарған адамның қолына қонады. Осы жерде отырған әрбіреулеріңіздің елге жасаған елеулі еңбек атқаруларыңыз керек. Біз Сіздермен мақтанамыз, себебі сіздер біздің болашағымызсыздар! Сіздердің аға буын өкілдерін, үлкендерді құрметтеуіңіз – ұрпақтар сабақтастығын құрайды» деген ізгі тілегін білдірді.

Аталмыш кездесу жастардың ұлттық сана-сезімін оятуда үлкен әсерін тигізері анық. Кездесу барысында қатысушылар академик – ұстаздың пайдалы кеңестерін зер сала тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға білікті де толыққанды жауап алды. Шараның мақсаты – жастарды рухани-адамгершілік, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, аға ұрпақтан жастарға мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу.

А. Мұратұлы