Body: 

2017 жылғы 18 қарашада студенттер күніне орай «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында «Жайдарман» фестивалі өткізілді.

Аталған сайысқа Астана қаласы орта арнаулы білім беру ұйымдарының 17 командасы бақ сынасты. Бұл фестивальге колледжіміздің намысын қорғауға «Жалынды жастар» жайдарманшылар тобы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша колледж құрамасы Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының алғыс хатымен марапатталы. Ойын нәтижесі бойынша сапалы әзілдерімен көрерменнің көңілінен шыға білген жайдарманшыларымыз жүлделі ІІ орынды жеңіп алып, 15 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Биыл алғаш ұйымдастырылған «А35» жобасының «Жайдарман» фестивалі келесі жылыда жалғасын таппақ!



А. Мұратұлы