Body: 

2017 жылғы 19 қарашада Алматы қаласында «Қазақ концерті» залында «Қазақстан Республикасының Біріншілігі» ІІІ Республикалық Көп жанрлы конкурсы өтті.

Аталған конкурсқа патриоттық әндер жанрында колледжіміздің 3ПМ-215 тобының студенті Ғабдеш Дәурен қатысты. Әділ қазылар алқасын өз өнерімен тәнті еткен әнші баламыз тартысты ән додасында жүлделі І орынға ие болды.

Осындай қиын да тартысты біріншілікке қатысушыны дайындап, алыс жолға ертіп апарып келген колледжіміздің көркемдік жетекшісі Нұрболат Сейтмұратов мырзаға жеке алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз әрдайым осындай жемісті болсын демекпіз!

А. Мұратұлы