Body: 

2017 жылғы 23 қарашада Астана қаласындағы "Көлік және коммуникация колледжі" МКҚК-да "Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – болашақ маманды сапалы даярлаудың негізі" тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шараның өткізілу мақсаты - колледж оқытушыларының педагогикалық тәжірибесін зерделеу, қорыту және тарату, оқытушылардың қызметін ынталандыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

Ашық есік күніне Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы, ТжКБ ұйымдарының оқытушылары және әлеуметтік серіктестер қатысты.

Құттықтау сөзді директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т.Абдикаримова және техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалының бас маманы Р. С.Бурабаева жалғастырды.

Бағдарлама бойынша 9 ашық сабақ өткізілді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша секцияда "Дүниежүзі тарихы" - Жанабаева Г.М. "Физика" – Махмутова К. Б., "Қазақ әдебиеті" - Нығыметова Л.К., "Физика" - Канатбеккызы А. ашық сабақтары ұсынылды.

Арнайы пәндер секциясында панорамалық сабақтарды келесі пәндерден: "Құқық негіздері" – Амирова Г.А., "Көпарналы байланыс" және "Телефон байланысының жүйелері" бойынша кіріктірілген сабақты Осташова Л.А., Тарасова Е.Б., "Сызу" - Бақыт С.,

"Автомобиль жолдары және аэродромдарды іздестіру және жобалау" - Жақсыбаева М.М.," Ақпараттық технологиялардың кәсіби жұмыстары" - Құсайынов С.А. өткізді.

Барлық ашық сабақтарда оқытудың белсенді әдістері, әртүрлі әдістер, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы қолданылды.

Педагогтармен кейс – технология, жобалық жұмыстардың әдісі, проблемалық оқыту, портфолио технологиясы, мәтінмен жұмыстың әдіс-тәсілдері, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыстар қаралып, пысықталды.

Қорытынды шығару кезінде іс-шаралар бойынша әріптестердің, басқа колледждердің жағымды пікірлері айтылды, педагогтардың шеберлігі,сондай-ақ интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейде екені атап өтілді.

Біздің оқытушыларға біліктілікті аттестаттаудан сәтті өтуіне тілек білдіреміз.

С. Хайруллина