Body: 

2017 жылғы 29 қарашада (Астана уақытымен 11:00-де) Астана қаласы Көлік және коммуникация колледжінде “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне деген жағымсыз көз қарастарын қалыптастыру, жастар қауымына белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлескен ұйымдастыру жоспары бойынша өткізіліп отыр.

Өткізілген іс-шарада директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т.Абдикаримова сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес мемлекеттiк органдарда басты мәселе болып табылатындығы және жүйелi түрде барлық оқу орындарында сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту қажеттiлiгі туралы айтып кетті.

Құқық пәндер оқытушысы Г.А.Амирова, біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, оның негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы, 2014 жылғы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және Елбасымыз ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басымдықтары туралы мәлімдеді.

Іс-шара барысында оқытушылар мен студенттер өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтарды талқылады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Далабаева сыбайластықпен күресті өз құзыреттері шегінде барлық оқытушылар, студенттер жүргізуге міндетті екендігін атап өтті. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн екендігін ескертті. Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алды.

Г.Нұркабыл